Жөндеу жұмыстарының барлық түрлері

Техникалық қызмет көрсетудің түрлері мен жүк вагондарын жөндеу және оның белгілері:

Техникалық қызмет көрсетудің жүйесі мен жүк вагондарын жөндеу техникалық қызмет қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының келесі түрлерін қамтиды:

  1. ағымдағы ажырату жөндеу жұмысы -АЖ
  2. деполық жөндеу жұмысы - ДЖЖ
  3. күрделі жөндеу жұмысы-КЖ
  4. пайдалы игерушілікті ұзақ мерзіммен күрделі жөндеу жұмысы-ПКЖ

Вагонның ағымдағы ажырату жөндеуі - алмастыру арқылы жүк вагондарының жұмысқа қабілеттігін қалпына келтіру, вагондарды жұмыс істемейтін парктерге ауыстыру және мамандандырылған бағытқа жіберу немесе жеке бөлшектер арқылы қалпына келтірудегі жөндеу жұмысы.

Деполық жөндеу жұмысы - құрамдас бөліктердің техникалық жағдайларын бақылау, вагон ресустарын ішінара ауыстыру арқылы және дап-дайын етіп қалпына келтіру немесе шектеулі номенклатураның құрамдас бөліктерін қалпына келтіру жұмыстары.

Вагондарды күрделі жөндеу - вагон ресурстарын ауыстыру арқылы толық дап-дайын етіп немесе дап-дайынға жуықтату арқылы қалпына келтіру немесе вагонның базалық және басқа да барлық құрамдарын қалпына келтіру жұмыстары.

Пайдалы игерушілікті ұзақ мерзіммен күрделі жөндеу - белгіленген жаңа қызмет мерзімімен және базалық, әрі кез келген оның құрамдас бөліктерін ауыстыру немесе қалпына келтіру, оларды тағайындалған ресурста қалпына келтірумен вагонның барлық салмақ түсіретін конструкция элементтерінің техникалық жағдайларын бақылау жұмыстары.