Директордың үндеуі

Құрметті Ханымдар мен Мырзалар!

ДиректорБіздің компания қысқа уақыт ішінде логистикалық нарықтағы көшбасшыға айналды, барлық қатынас түрлерінде теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау бойынша толық кешенді қызметтер көрсетуге маманданған.

Біздің басты мақсат – клиенттерімізді қолжетімді бағада жоғары сапалы сервиспен қамтамасыз ету. Компаниямызның барлық даму жылдарында өз ісімізді Қазақстанның аса қарқынды дамып келе жатқан саласы ретіндегі логистиканың өсуіне арнадық.

Компанияның негізгі стратегиялық жоспарлары – серіктестермен қарым-қатынасты орнату және нығайту. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін біз заманауи қаржылық және ресурстық менеджментті, маркетингілік талдауды қолданамыз, көліктік логистика саласында озық білімдерді пайдаланамыз.

Біз өз қызметтерімізді өзінің бизнесін тұрақты түрде дамытып отыратын және оны жаңа деңгейге шығаратындарға ұсынамыз. Ынтымақтастық үшін есігіміз үнемі ашық, және ол тұрақты әрі ұзақмерзімді болады деп үміттенеміз.

Құрметпен,
Директор Килыбаев Айдын Еркинович

22.09.2015, 2832 просмотра.